«Жібек жолы» ауылындағы «Безымянная» су бөгетінде жағдай тұрақты-Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалин Аршалы ауданында болып, көктемгі су тасқынының алдын алу шараларын бақылап көрді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі əкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жібек жолы» ауылындағы «Безымянная» су бөгетінде жағдай тұрақты-Ақмола облысы

Аудан әкімі Азамат Тайжановтың мəліметі бойынша қазіргі кезде «Жібек жолы» ауылындағы «Безымянная» су бөгетінде жағдай тұрақты. Ауылда су алған үйлер жоқ. 

 

Аудан бойынша су тасқынының алдын алу шараларына ТЖД, жергілікті атқарушы органдар жəне жергілікті полиция қызметінен барлығы 250 адам жəне 17 арнайы техника тартылған. Селолық округтердің барлығында тəулік бойы кезекшiлiк ұйымдастырылған.

Оған қоса қажет болған жағдайда тұрғындары көшіру үшін Новоалександровка жəне Құтпанұлы атындағы орта мектептерде 2900 орын əзірленген. Ол үшін қажетті 5 автобус дайын тұр. Қауіп туралы тұрғындардың барлығына ескерілді.

 

Осы орайда, аймақ басшысы су та¬сқынына қарсы шараларды жо¬ғары деңгейде ұйымда¬стыруды, барлық күшті жұмылдыра отырып, жағдайды тұрақты бақ¬ылауда ұстап отыруды тапсырды.