18:38, 07 Қыркүйек 2009 | GMT +5
«Жібек жолы» халықаралық автораллиіне қатысушылар Орал қаласына келді
ОРАЛ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қыркүйектің 7-сінде Орал қаласында «Дакар» сериясы бойынша «Жібек жолы-2009» халықаралық автораллиінің екінші кезеңі мәреге жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қыркүйектің 5-інде Қазан қаласында басталған авторалли Ресей, Қазақстан және Түрікменстан жерлерімен жүріп өтіп, қыркүйектің 13-інде Ашғабадта қорытындыланбақшы.
Автожорыққа әлемнің 25 елінен командалар, соның ішінде 51 жеңіл, 20 жүк көліктері қатысуда. Қазақстаннан да 10 экипаж бар.
Сапаржолдың жалпы ұзындығы - 4500 шақырым, оған қатысушылар аса қиын жерлермен, соның ішінде Қарақұм шөлімен жүріп өтеді.