Жібек жолы халықаралық раллиі Қостанай облысына келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат -Ресейде басталатын «Жібек жолы - 2017» халықаралық ралли жарысы 10 шілде күні Қазақстанда жалғасын табады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Халықаралық жарыс Мәскеудің Қызыл алаңында 2017 жылғы 7 шілдеде бастау алды. Жарыс маршруты Ресей, Қазақстан және Қытай аумағындағы жолы күрделі ұланғайыр даламен өтетін бірнеше кезеңнен тұрады. Атап айтқанда, Ресейден бет алған көліктер Қостанай - Астана - Семей - Үржар жерін басып өтіп, Мәскеу - Астана - Сиань арасындағы ұзақ жолды бағындырмақ. Қазақстан өңірлерін төрт күнде жүріп өтуді жоспарлаған раллишілер 22 маусымда Ұлы Жібек жолы бастау алатын Қытайдың ең ежелгі астаналарының бірі - Сиань қаласына жетуді көздеп отыр.

Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Оксана Лоскутованың айтуынша, «Жібек жолы» халықаралық раллидің қатысушылары 10 шілде күні Қостанай облысында болады. Раллидің Қазақстандағы кезеңіне Мәдениет және спорт министрлігі қолдау білдіруде.

Ресей, Қазақстан және Қытай елдерінің өкілдері қатысатын «Жібек жолы - 2017» халықаралық раллиі - әлемнің ең ұзақ (10 мың шақырымнан астам) және ең қызықты, шытырман оқиғаларға толы ралли-сапарларының бірі. Раллидің танымалдылығы әлемдік дәрежеде артып келе жатқанын атап өту керек. 2016 жылы жарысқа әлемнің 41 елінен 1100-ден астам шабандоз бен команда мүшелері қатысып, шытырманға толы жарыс кезеңдерін 193 елдің тұрғындары бақылаған болатын.

Аян Бекенұлы

Соңғы жаңалықтар