17:29, 07 Ақпан 2009 | GMT +5
«Жібек жолы» раллиі Ресей, Қазақстан және Түрікменстан үстімен өтеді
МӘСКЕУ. Ақпанның 7-сі. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - «Ресейлік «Жаңалықтар» агенттігінде «Жібек жолы-2009» ралли-рейдіне арналған баспасөз мәслихаты өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Кездесуге қатысушылар раллидің Ресей, Қазақстан, Түрікменстан аумағы арқылы өтетінін айтты. Ралли-рейд қыркүйектің 5-інде Қазанда сөреге шығып, Ашхабадта жорығын аяқтайды. Түркі халықтары шоғырланған жерлермен ірі ралли өткізу идеясын Ресей мен Түрікменстан президенттері Дмитрий Медведев пен Құрбанқұлы Бердімұхамедов көтерген болатын, бұл ұсынысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қолдап мақұлдады.Ралли өткізудің мақсаты ? біздің елдеріміздің мәдени-тарихи құндылықтарын, заманауи экономикасы мен ғылыми-техникалық прогресті әлемге көрсету, сондай-ақ тамыры ортақ халықтардың арасында достық пен бауырластық қатынастарды нығайта түсу.