«Жібек жолы» раллиінің қазақстандық қатысушылары Мәскеуден Қазанға дейін 840 шақырым жүріп өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «MobilEx Racing Team» командасы Мәскеуден Қазанға дейін 840 шақырым жүріп өтіп, «Жібек жолы» раллиінің прологына қатысты.
None
None

«Алғашқы кезең үнемі тәжірибелік болады, көрермендер үшін ертеңгі күні нағыз старт болатын секілді. Мұнда Қазань қаласындағы құмды жер екі-ақ шақырым екен. Бүгін жаңбыр жауып, өте ылғал ауа райы болды. Т1 көлігінде жүргендер трамплиннен секіріп үлгерді. Ал біз үшін трамплин жай ғана төбешік секілді. Секіру үшін жылдамдығымыз аса үлкен емес, сондықтан бірқалыпты жүрдік. Ертеңгі жылдамдық аумағы өте қысқа, кей жерде 130 шақырым, кей жердегі жүріп өтуге міндетті жер  450 шақырым», - деді Offroad Kazakhstan командасының пилоты Марат Әбіқаев.

Жаңа көлікке бой үйретуге тура келгендіктен, MobilEx Racing Team командасының жарысушылары үшін автокөлік ауыстыру қиынға соғуда.

Прологтан кейін Юрий Сазонов пен Дмитрий Цыроның №120 экипажы 11 орынға ие болды, ал Ерден Шагиров пен Виталий Евтеховтың №137 экипажы 34 орында. Бүгін ралли қатысушылары Қазаннан Уфаға дейін 622 шақырымды жүріп өтуі тиіс. Оның 136 шақырымы топырақ пен ірі құмнан тұратын арнайы аймақ болып саналады. 

null null 

Соңғы жаңалықтар