17:41, 11 Шілде 2017 | GMT +5
«Жібек жолы» раллиінің төртінші кезеңінде француз Лёб мәреге бірінші болып келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Француз автошабандозы Себастьян Лёб «Жібек жолы» раллиінің төртінші кезеңінде жол талғамайтын көлік жарысында ең үздік уақыт көрсетті, ал чехиялық Мартин Коломы жүк көліктері арасында бірінші болып келді.

Француздықтың «Пежосынан» «Минидегі» Язид Аль-Раджи 22 минут қалып қойды, үшінші болып мәре сызығын «Фордтағы» жарысушы Эухенио Амос қиды.
Раллидің төртінші кезеңінде жеңіске жеткен «Татрадағы» чехиялық автошабандоз Коломы «Ивеко» командасының екі жарысушысы Жерар де Рой мен Артур Ардавичюсті басып озды.
Айта кетсек, «Жібек жолы» раллиі Ресей, Қазақстан және Қытай аумағында өтіп жатыр. Оған 35 елдің 90 экипажы қатысуда.
Ралли 22 шілде күні Қытайдың Сиань қаласында аяқталады.