«Жібек Жолы Жұлдызы» мегажобасына Қазақстан атынан Айқын Төлепберген қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Qazaqstan» Ұлттық арнасында 30 қыркүйектен басталатын «Жібек Жолы Жұлдызы» халықаралық музыкалық сайысына 9 елдің әншілері қатыспақ. Қазақстанның намысын аталған ән сайысында Айқын Төлепберген қорғайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»ХАА тілшісі.
None
None

«Әр мемлекеттен бір орындаушы бақ сынайды, яғни 9 мемлекет қатысатын болса, 9 әнші ән сайысына қатысады. Бұлар жас орындаушылар емес, өз елдеріне танымал, атағы шыққан өнерпаздар. Неліктен біз әншілерді осылай таңдадық? Олар танымал болғандықтан, өз елдерінде қазақ әндерін орындап, өз елдерінде жоғары деңгейде насихаттай алады. Сондықтан, дәл осыған біз баса назар аударып, сол елдердің атақты әншілерін шақырдық. Қазақстан тарапынан ұзақ ойланып, жан-жақтан сараптап, Айқын Төлепбергенді шығарып отырмыз. Біздің еліміздің атын жоғары деңгейде қорғайды деген үміттеміз», - дейді «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның басқарма төрағасы Ерлан Қарин.

Еске сала кетсек, Ерлан Қарин бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында «Qazaqstan» ұлттық арнасында «Жібек Жолы Жұлдызы» атты жаңа халықаралық мегажоба басталатынын хабарлаған болатын. Оның айтуынша, Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан, Грузия, Ресей Федерациясының: Татарстан, Башқұрстан сияқты елдерінің жарық жұлдыздары бір сахнада бақ сынасады. Телевизиялық шоу жобаға қатысушы елдердің рейтингі жоғары телеарналарында да көрсетіледі. Қазірдің өзінде бұл жобаның аудиториясы 100 млн. адамды қамтиды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум