Жидда қаласында бір мезгілде екі мыңдай жас неке қидыратын болды
АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - «Неке және отбасы» деп аталатын қайырымдылық ұйымының мұрындық болуымен осымен он бесінші рет өтетін жаппай неке қидыру фестивалі аясында қалыңдықтар мен жігіттерден тұратын 1,2 мың жұп үйленетін болады. Бұл жайында Sabq басылымына сілтеме жасап muslim.kz хабарлады.
Көктем мезгіліне сәйкес келген осынау салтанатты шара 2013 жылдың сәуір айының 24-де Jeddah Center for Forums & Events орталығында өтеді. Аталмыш қайырымдылық ұйымының төрағасы, шейх Абдулла бин Әбдірахман әл-Атим осы шараның өтуіне үлесін қосқан Мекке провинциясының басшысы, ханзада Халид әл-Фейсалға ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. Сонымен қатар, ол билік орындарының әлеуметтік және қайырымдылық жобаларына атсалысуы арқылы қоғам мен мемлекет арасындағы ынтымақтастыққа серпін беріп отырғанын жеткізді. Ол өткен жылы осы фестиваль аясында 7 мың 870 жұптың некесін қиылғанын тілге тиек етті.