Жігіті тастап кеткен қалыңдық үйлену тойын мүгедектерге арналған мерекеге айналдырды

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы Солтүстік Дакотада үйлену тойы қарсаңында күйеу жігіті тастап кеткен қалыңдық абдырап сасқан жоқ. Керісінше айтулы күнді мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мерекеге айналдырды.

Жігіті тастап кеткен қалыңдық үйлену тойын мүгедектерге арналған мерекеге айналдырды

Мишель Марксеннің сөзіне қарағанда, ол отбасымен бірге салтанатты үйлену тойын өткізу үшін бірнеше мың доллар жұмсаған.

Неке қию рәсімі 19 қазан күні өтуі керек болатын. Алайда Мишельдің күйеу жігіті телефонмен үйлену тойының болмайтыны туралы хабарлаған. Бәрін өзгертуге кеш болды, өйткені жұмсалған ақшаны ешкімнің қайтармасы анық еді.