«Жігіттер» квартеті оразада тойға шықпайды
АСТАНА. 24 шілде. ҚазАқпарат - "Жігіттер" квартетінің продюсері Ерғали Әбдіраймовтың айтуынша, биыл жігіттердің арасында денсаулығына байланысты Мырзахан ғана ораза тұта алмады.
Қалғандары мұсылмандық парыздарын өтеуде.
«Гастрольдік сапарларымызды уақытша тоқтаттық. Тек бірер күнде "Ана" туралы әнге бейнеклип түсірмек ниеттеміз. Ал тойларға келер болсақ. Қазір ол да тоқтады. Енді оразадан кейін басталар деген үмітіміз бар», - дейді ол.
Жігіттер барлық уақыттарын жаңа әндер жаздырып, оларды өңдеуге жұмсауда. Концерттік кештер күз мезгілінің екінші айына жоспарланған.
Ақпарат ҚМДБ сайтында жарияланды.