«Жігіттер» мәрттік көрсетті - "Алтын самұрық" жеңімпазын анықтау

АЛМАТЫ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Алматыдағы Республика сарайында ең үздік әншілердің «Алтын самұрық» марапатының биылғы жылғы жеңімпаздарының есімі анықталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бұл жоба қазақ эстрадасының дамуына атсалысып жүрген өнер жұлдыздарын қолпаштап, еңбектерін атап өту мақсатында жыл сайын ұйымдастырылады. Алғаш ашқан кезде ең үздік музыкалық думан түрінде өткен болатын. Алайда, думан әзірлеуге әншілер тарапынан қызығушылық болмады. Сондықтан оны байқау емес, үздік орындаушыларды марапаттау рәсіміне айналдырдық. «Алтын самұрық» өнер орталығы жыл сайын елімізде 30-40 концерт өткізіп, сауалнама арқылы жұртшылық тарапынан үлкен сұранысқа ие болған және өнер жұлдыздарының ішіндегі аға буын өкілдерінің ой-пікірлерімен санаса отырып үздік 10 орындаушыны анықтайды. Олардың бір-біріне берген дауыстары арқылы суырылып шыққан жеңімпаз «Алтын самұрықтың» иегері аталады. Бұған дейін Астана қаласында өткен бұл марапаттауда Қарақат Әбілдина мен «МузАрт» тобы ие болды», дейді жобаның авторы және продюссері Қайыргелді Жексенбин. Биыл екі күнге созылған бұл шарада «Жігіттер» тобы мен Тоқтар Серік пен Бейбіт Сейдуалиеваның жұбы бірдей дауыс жинады. Үміткерлер тең түскен жағдайда, шешімді өзі қабылдауға тиіс болса да жоба авторы бұл құқықты әнші, продюссер Қыдырәлі Болманов пен Қазақстанның халық әртисі Роза Рымбаеваға берген болатын. Бұл жолы «Жігіттер» тобы мәрттік мінез танытып, жолды алдыңғы аға-апаларына ұсынды. Оларға алтын жалатылып, гауһармен безендірілген «Алтын самұрық» белгісін әнші Роза Рымбаева табыс етті. Биыл үздік ондыққа Ерболат Құдайбергенов, Еркін Нұржанов, Қайрат Нұртас, Аша Матай, Сиви Махмуди, Бүркіт, Қайрат Түнтеков, «Домино», «Жігіттер» топтары және Тоқтар мен Бейбіт жұбы енген болатын. Екі күнге созылған марапаттау рәсімінде, Медеу Арынбаев «Үздік дауыс», Сырым Исабаев «Көрермен көзайымы», Хамит Шаңғалиев «Үздік музыка өңдеуші», «Жігіттер» - «Үздік топ», Жанар Айжанова «Дәстүрді дәріптеуші», Қыдырәлі Болманов «Үздік продюссер» аталамы бойынша жеңімпаз атанды.
Соңғы жаңалықтар