Жигули Дайрабаев Маңғыстау облысының өндіріс ошақтарын аралады

АҚТАУ. ҚазАқпарат – ҚР президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Маңғыстау облысына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына сілтеме жасай отырып.
None

Ең алдымен кандидат Мұнайлы ауданында орналасқан «Сауқымбек» ұн тарту зауытының ұжымымен кездесті. Бірнеше жыл бұрын іске қосылған өндіріс ошағы жоғары сұрыпты ұн өндіріп, 70-ке жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Ұн тарту зауытынан кейін кандидат мал бордақылау кешеніне барды. Сонымен қатар Жигули Дайрабаев Мұнайлы ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында жем-шөп дайындау мәселесіне ерекше назар аударылды.

Бұған дейін Жигули Дайрабаев бастаған үгіт-насихат тобының өкілдері Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Жетісу, Алматы, ШҚО, Абай облыстарының сайлаушылармен кездесті.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада президент сайлауы өтеді.


Соңғы жаңалықтар