Жигули Дайрабаев: Менің қағидам – сырттан жау, іштен дау кіргізбеу

«Мен президетікке кандидат болмай тұрған кездің өзінде де көтеріп жүрген мәселелерім бар. Мысалы, жастардың бәрі ауылдан қалаға кетіп жатыр. Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі төмен. Өздеріңіз білесіздер, бұрын ұйымдастырылған шаруашалықтар болса, қазір 280-300 мыңға жуық әр түрлі формадағы шаруашылық құрылым жұмыс істейді. Ауылда инфрақұрылымның ахуалы нашар. Соны түзеу –біздің партияның негізгі мақсаттарының бірі. Сол ауылдағы инфрақұрылымды көтеру арқылы, аграрлық саланы дамыту арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейміз», - деді Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы.
Сондай-ақ ауыл партиясының өңірлердегі бөлімшелерінің көмегімен кандидат ретінде тіркелуге қажет 120 мың дауысты жинай алатынын сенімд іекенін айтты.
«Қазіргі геосаяси ахуалды да ескеріп отырмыз. Оны өздеріңіз де көріп, біліп отырсыздар. Сондықтан басты мәселе мемлекеттің, халықтың бірлігі болуы керек. Қоғамда тыныштық болуы қажет. Қазақ бата бергенде айтатын сөз бар. «Сыртымыздан дау кірмесін, ішімізден дау кірмесін» дейді. Менің негізгі қағидам солай», - деді Жигули Дайрабаев.