Жигули Дайрабаев тұрғын үйге иелік етуге қатысты сот процесінде жеңілді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының Т. Рысқұлов аудандық соты Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың 2017 жылы аталған өңірдің Сарымолдаев ауылында үй сатып алу туралы келісімнің күшін жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, Саид Рузиев сотқа арызбен жүгініп, 2021 жылдың 5 қарашасында жасалған тұрғын үйді сату-сатып алу туралы мәмілені жарамсыз деп тану, жұбайы – Р.Ф. арасындағы жылжымайтын мүлікті бірлескен ортақ мүлік деп тану, Меркі ауданы Сарымолдаев ауылында орналасқан жылжымайтын мүлікте өз үлесін ½ бөлігі мөлшерінде анықтау туралы сұраған.

Іс материалдарымен анықталғандай, Саид Рузаев жұбайымен 2002 жылы отау құрып, 2017 жылы некені бұзу туралы сот шешімі шыққан.

2021 жылы С.Рузаевтің келісімінсіз жұбайы Р.Ф. ортақ мүлік – тұрғын үйді жауапкер Жигули Дайрабаевқа сату туралы мәміле рәсімдеген.

2022 жылы Жамбыл облыстық соты 2017 жылы шыққан некені бұзу туралы шешімнің күшін жойды. Себебі Саид Рузаев сол кезде сот процесіне қатыспаған. Солайша, ерлі-зайыпты арасындағы неке ресми түрде 2022 жылы ғана бұзылған.

С.Рузаев талап етіп отырған даулы баспана ортақ мүлік болып табылады. Ол іс материалдарымен расталған.

«Сот отырысында анықталғандай, 2007 жылы аталған тұрғын үй жылжымайтын мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның шешімі негізінде жауапкер – Жигули Дайрабаевқа тіркелген.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» туралы кодекстің талаптарына сәйкес, ерлі-зайыпты некеде тұрған кезеңінде алған мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптының бірі жылжымайтын мүлікке иелік ету бойынша мәміле жасау үшін, жұбайының нотариалды куәландырылған келісімін алуы қажет.

Сот жауапкер даулы мүлікті сатқан кезде талап қоюшының нотариалды куәландырылған келісімін алмағанын анықтады. Бұл талап қоюды қанағаттандыру туралы шешім шығаруға негіз болды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», - делінген сот хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Тараз қаласының №2 соты алаяқтық жасады және ірі мөлшерде ақша жымқырды деген айыппен екі күдіктіге – Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдарына қатысы үкім шығарған болатын.


Соңғы жаңалықтар