Жигули Дайрабаев Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Жамбыл облысының Байзақ және Жуалы аудандарында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ауыл» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұртшылықпен кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған жобалар талқыланды.

Кездесу соңында кандидат барша жиналғандарды мемлекеттік мереке – Республика күнімен құттықтады.

«Бүгінде алдымызда үлкен мақсаттар мен міндеттер тұр. Ол үшін күш біріктіріп, жаңа бастамалардың жүзеге асуын қамтамасыз етуіміз керек. Әрбір азаматтың мүддесі мемлекет мүддесімен ұштасып, Қазақстан халқы ұлттық бірлікті нығайту жолында аянбай тер төксе, Қазақстанның барлық белестерді бағындыратынына сенімдімін», - деді Ж.Дайрабаев.