Жиһанкез С.Ысқақов МИГ-29 әскери ұшағымен стратосферада болып қайтты

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мен 100-ден аса елде және әлемнің 6 құрлығында болдым. 2007 жылы Оңтүстік полюске, 2008 жылы Солтүстік полюске барып, Қазақстанның туын ілдік. Ал жақында мені Нижегород әуежайына шақырып, стратосфераға екінші ұшқыш ретінде ұшуды ұсынды. Мұндай жағдай бола бермейді деп, мүмкіндікті пайдалануға бел будым», деді С.Ысқақов. МИГ-29 әскери ұшағының көкке көтеріліп, жерге қонуы небәры 45 минутты алды. Сағатына 2500 шақырым жылдамдықпен стратосфераға көтерілу барысы бейнетаспаға түсірілді.
Айта кететін жайт, ұшар алдында С.Ысқақов жүрек талмасы ауруына шалдыққан. Осыған қарамастан, 69 жастағы әйгілі жиһанкез атмосфера қабатында болып қайтты. С.Ысқақовтың айтуынша, реактивті әскери ұшақта ұшу - VIP саяхаттың жаңа заманға лайықты түрі, әрі барша әлемге әйгілі ұшудың бір жолы.