Жыл басынан 382,2 тонна ірімшік пен сүзбе экспортталды
АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша ірімшік пен сүзбе өндірісі 38,8% өсті.
Қаңтар-наурыз айларында 15,3 мың тонна ірімшік пен сүзбе өндірілген, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2 мың тоннаға көп.
Сонымен қатар импорт көлемінің төмендеуі байқалады: ол 10,1% азайып, 9,4 мың тонна болды (2025 жылдың қаңтар-наурызында бұл көрсеткіш 10,5 мың тонна болған). Импорттық өнімнің үлесі жалпы ресурстар көлемінің 38,2%.
Экспорт 20,2% қысқарған. 2026 жылдың алғашқы үш айында 382,2 тонна ірімшік пен сүзбе экспортталды.
Аталған кезеңде ішкі нарықтағы сатылым көлемі 24,4 мың тонна болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7% өскен.
Айта кетелік Ауыл шаруашылығы министрі елдегі сатылымдағы ірімшіктің 58%-ы отандық өндіріс, яғни ішкі сұраныстың жартысынан көбі өз өнімімізбен қамтамасыз етіліп отырғанын айтқан еді.