Жыл басынан 6 құрылыс салушы жазаланды

АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылы 62 құрылыс компаниясы әкімшілік жауаптылыққа тартылған, оның 15-і қайталап жасағандар.

Жыл басынан 6 құрылыс салушы жазаланды
Фото: БҚО құрылыс басқармасы

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды салынып жатқан тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алмас бұрын үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаттың бар-жоғын тексеріп алуды ұсынады. 

Өйткені 2024 жылы 62 құрылыс компаниясы әкімшілік жауаптылыққа тартылған, оның 15-і қайталап жасағандар.

Жыл басынан бастап осындай бұзушылықтар үшін 6 құрылыс салушы жазаланды.

- Ондай бұзушылардың бірі «Asyl-nur Qyrylys» ЖШС, ол тиісті рұқсатсыз салынып жатқан тұрғын үй кешенінде пәтерлерді сату жарнамасын таратқан. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде құрылыс салушыға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 2024 жылғы 2 мамырда сотпен айыппұл салынды (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 320-бабының 1-бөлігі). Оған қарамастан компания пәтерлерді сату туралы жарнама орналастыру арқылы азаматтардың қаражатын заңсыз тартуды жалғастырған, ол үшін 2024 жылдың 13 қарашасында қайталап әкімшілік айыппұл салынды, - делінген Астана қаласы прокуратурасы хабарламасында.

Сонымен қатар прокуратураның бастамасымен сот азаматтық талап қою шеңберінде осы ұйымның жарнамасын орналастыруға тыйым салды (шешім заңды күшіне енді).

Осыған ұқсас талап қоюлар тағы 5 құрылыс компаниясына қатысты берілді.

Ақпаратты мына сілтеме арқылы білуге болады.

Еске салсақ елордада құрылысы ұзаққа созылған сауда орталығы сатылымға қойылған еді

Соңғы жаңалықтар