02:16, 20 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Жыл басынан бері 1,3 млн қазақстандық Өзбекстанға саяхаттап барған
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Биыл 11 айдың ішінде Өзбекстанға 1,3 миллионнан астам қазақстандық турист барған, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Өзбекстанның Туризм комитетінен мәлім еткендей, биыл қаңтар-қараша аралығында бұл елге туристік мақсатпен 7,3 млн шетелдік азамат келген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда саяхатшылар саны 18,8%-ға көп.
Бұл ретте Өзбекстанға келген туристер көшін Тәжікстан (2,1 миллионнан астам турист) бастап тұр. Одан кейінгі орындарға 2,1 млн туристпен Қырғызстан және 1,3 млн саяхатшымен Қазақстан жайғасқан.
Еске салайық, былтыр 1,2 млн қазақстандық Өзбекстанға туысқандарымен көрісу үшін барған.
Қоса кетсек, биыл Өзбекстан 2,2 млн қазақстандық саяхатшыны қабылдауды жоспарлаған еді.