Былтыр 1,2 млн қазақстандық Өзбекстанға туысқандарымен көрісу үшін барған

Турист
Фото: Мақсат Шағирбаев/Kazinform

Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 5 561,1 мың шетелдік азамат Өзбекстандағы туысқандарына келген, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Статистика агенттігінің мәліметіне сай, туыстарымен көрісу мақсатында Өзбекстанға мына елдердің азаматтары келген:

  • Тәжікстан - 2 030,5 мың адам;
  • Қырғыз Республикасы - 1 702 мың адам;
  • Қазақстан - 1 245,8 мың адам;
  • Түркия - 49,3 мың адам;
  • Түрікменстан - 9,6 мың адам;
  • Оңтүстік Корея - 7,4 мың адам;
  • Әзербайжан - 6,6 мың адам;
  • Беларусь - 6,3 мың адам;
  • Басқа да елдер - 503,6 мың адам.

Еске сала кетейік, биыл қаңтар-қараша айларында Өзбекстанға 6 млн 134 мың шетелдік турист келді.

 

Соңғы жаңалықтар