Жыл басынан бері 15 млн шаршы метр баспана салынған

тұрғын үй кезегі
Фото: pixabay.com

Жыл басынан бері Қазақстанда жалпы өндіріс көлемі 3,4%-ке өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтып берді, деп хабарлайды Kazinform.

«Жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Өндіріс көлемі 3,4%-ке өсті. Әсіресе Қызылорда, Қостанай, Абай облыстары және Алматы қаласы ең жоғары өсімді көрсетті. Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 27%, оның ішінде автомобиль жасаудың – 41% және электр жабдықтарын жасаудың – 32%-тен аса өсуі қамтамасыз етілді», - деді Ә. Қуантыров Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Сонымен бірге, азық-түлік өндірісі – 1,9%, металл бұйымдары – 3,7%, құрылыс материалдары – 4,1%, пластмасса бұйымдары – 5,1%, жеңіл өнеркәсібі – 12% және жиһаз өндірісі – 42% өскен.

Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,2%-ке жоғарлады. Бұл ретте газ өндіру – 12%-ке, мұнай өндіру – 7,8%-ке, өзге де пайдалы қазбаларды өндіру – 13%-ке өсті.

Ал металл кендерін өндіру – 0,5%-ке, тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсету – 2,6%-ке, көмір өндіру – 5,8%-ке төмендеді.

«Атқарылған құрылыс жұмыстары көлемі 12,6%-ке ұлғайды. 18 өңірде оң өсу тіркелді, әсіресе құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Маңғыстау, Жетісу, Батыс Қазақстан және Абай облыстарында байқалды. Биылғы қаңтар-қарашада 15 млн шаршы метрден аса тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 15,6%-ке жоғары. Ең жоғары көрсеткіш Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Ұлытау және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді», - деді Әлібек Қуантыров.

Айта кетейік, биылғы 11 айда Қазақстан экономикасы 4,9% өсті.

Соңғы жаңалықтар
telegram