Жыл басынан бері 172 павлодарлық хабар-ошарсыз кеткен

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Өңір полициясына павлодарлықтардың хабар-ошарсыз кетуі туралы 172 өтініш келіп түскен. Полицейлердің жоғары кәсібилігінің арқасында Ертіс-Баян өңірінің жоғалған тұрғындары қысқа мерзімде үйлеріне аман-есен оралған.

полиция
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Іздестіру жұмыстарына өңірдегі еріктілер де үлкен көмек көрсетіп отыр. Полицейлердің сөзінше, күн жылы мезгілде адамдардың жоғалып кетуінің ең көп тараған себептерінің бірі — алкогольді ішімдіктерді асыра пайдалану.

«Мысалы Павлодар қаласының полициясына 45 жастағы әйелдің баласы өтінішпен жүгінген. Ұлы анасының жоғалып кеткенін айтпас бұрын оның өздігінен оралуын бір апта күтіпті. Жоғалған адам ішімдікке әуес болған, сондықтан мұндай жағдай бірнеше рет қайталанған. Тағы бір жағдайда, 102 операторына бірге тұратын сүйіктісін жоғалтып алған жас жігіт хабарласқан. Қазіргі уақытта жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», — дейді Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полиция бастығының орынбасары Аршат Жәмиев.

Еске сала кетейік, Павлодарда полицияға 4 айда адам жоғалғаны туралы 118 өтініш түскен.

Соңғы жаңалықтар