Жыл басынан бері елге 12 325 қандас келді - министрлік

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл еліміздің солтүстік өңірлеріне қоныстанып жатқан қандастар саны артты. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Абулхатин айтты.

Мемлекет басшысы: Қазақстан азаматтығын және қандас мәртебесін алу тәртібі жеңілдетілді
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

«Жыл басынан бері елге барлығы 12 325 қандас келді. Былтыр қандастарды елге қоныстандыру саясаты түбгейлі өзгерді. Осының нәтижесінде солтүстікке қоныс аударған қандастардың саны өсіп келеді, ал оңтүстікке келетін қандастардың саны азайып жатыр. Атап айтқанда, былтыр қандастардың тек 6 пайызы солтүстіке барса, биыл осы көрсеткіш 36 пайызға жетті», - деді Е.Абулхатин Орталық коммуникациялар қызметінде.

Қазір құжаттарды қабылдау «Құтты мекен» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылып келеді. Биыл берілген өтініштің 95 пайызы осы қосымша арқылы келіп түсті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанға жоғары білімі бар адамдардың көшіп келу көрсеткіші өсті. 

Соңғы жаңалықтар