Жыл басынан бері Грузияға 5,7 млн-нан астам шетелдік турист барған
АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Грузияға 5,7 млн-нан астам шетелдік турист барған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,1 пайыз көп, деп хабарлады бейсенбі күні Ұлттық туризм басқармасы, деп жазды Синьхуа ақпарат агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылдың тоғыз айында Грузияға 3,9 млн-нан астам халықаралық туристік сапарлап, өсім 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 9,2 пайызды құраған.
Есепті кезеңде Грузияға ЕО елдері мен Ұлыбританиядан 348,3 мың турист барса (өсім 5,9%), оның ішінде Германиядан 62,8 мың сапар (өсім 15,6 пайыз), Ұлыбританиядан 25,4 мың (12,5 пайыз), Франциядан 22,7 мың сапар (21,3 пайыз), Грекиядан – 20,5 мың келу (өсім 24,3 пайыз) болды.
Парсы шығанағы елдерінен келген халықаралық сапаршылар саны алғашқы үш тоқсанда 121,8 мың адамды құрады (өсім 24,8 пайыз).