Жыл басынан бері Қостанай облысына 76 дәрігер қоныс аударған
Қостанай облысы өңірдегі дәрігер тапшылығын отандық мамандардың күшімен жабуға күш салып жатыр. Әкімдік таратқан мәліметтен осыны аңғаруға болады. Жыл басынан бері өңірге 84 жас маман келген, деп хабарлайды Kazinform.
Сондай-ақ еліміздің өзге облыстарынан 76 маман қоныс аударған.
Бұлардың ішінде 80 дәрігерге облыс бюджетінен 345 млн теңге көтермеақы төленген. Сонымен қатар 59 дәрігерге баспана берілсе, 46 дәрігерге жалдамалы баспана ұсынылған.
Облыста 20 маман алғаш рет шетелден біліктілігін арттырып, Израильден емдеудің жаңа тәсілдері мен әдістерін меңгеріп қайтқан.