Жыл басынан бері туа біткен жүрек ақауы бар балаларға 1708 ота жасалды

АСТАНА. KAZINFORM –  Жыл басынан бастап 2024 жылдың қыркүйегіне дейін туа біткен жүрек ақауы бар балаларға 1708 ашық жүрекке операция жасалды, оның 48%-ы 1 жасқа дейінгі балалар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Ота жасады
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Біздің еліміз Орталық Азияда туғаннан бастап кардиохирургиялық операциялар жүргізілетін жалғыз мемлекет.  

Аса ауыр жағдайларда балалардың өмірін сақтап қалу үшін Қазақстанда телемедициналық технологиялар мен медициналық авиация іске асырылды.

Санавиацияның 459 ұшуы, оның 292-сі жаңа туған нәрестелерге ұшуы орындалды. 1 357 балаға медициналық көмек көрсетілді. 498 бала, оның ішінде 291 бала Астана және Алматы қалаларына тасымалданды.

Еске сала кетейік, «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы 8 мың нәресте дүниеге келді.