Жыл басынан көкжөтелдің 14 жағдайы анықталды

АСТАНА. KAZINFORM - Эпидемиологиялық маусымның басынан бастап жылдың осы уақытына тән инфекциялармен сырқаттанушылықтың мониторингі жалғасып жатыр. Жүктеменің сақталуына қарамастан, жағдай тұрақты деңгейде қалып отыр.

эпидемиологиялық жағдай
Фото: freepik.com

27 қаңтар мен 1 ақпан аралығында шамамен 130 мың жағдай анықталды – бұл бір апта бұрынғы деңгеймен бірдей деңгейде. 

Қазан айынан бастап елде ЖРВИ-дің 2,65 млн жағдайы тіркелді, ауырғандардың 66%-ы 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл ретте өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 20%-ға төмендеді. Пневмония бойынша оң үрдіс байқалды - өткен аптада 4 189 жағдай анықталды, бұл өткен аптамен салыстырғанда 18%-ға аз.  Өткен аптада қызылшаның 49 жағдайы тіркелді - бұл бұрынғыға қарағанда 23-ке көп. Жыл басынан бері 113 жағдай расталды, ауырғандардың көпшілігі 14 жасқа дейінгі балалар (86%). Таралудың негізгі себебі - вакцина алмаған: ауырғандардың 86%-ы вакцинацияланбаған, - делінген ДСМ таратқан хабарламада. 

27 қаңтар мен 1 ақпан аралығында көкжөтелдің 14 жағдайы анықталды, бұл алдыңғы 7 күнмен салыстырғанда 3-ке көп. Жыл басынан бері 69 жағдай, оның 67-сі 14 жасқа дейінгі балаларда тіркелді. Инфекциялық аурулардың, соның ішінде көкжөтел профилактикасының негізгі құралы, ең алдымен вакцина алу. 

Соңғы аптада елде COVID-19-ның 15 жағдайы тіркелді. Жыл басынан бері барлығы 66 жағдай анықталды, өлім жоқ. 

Жағдай тұрақты болып отыр: инфекциялық төсектер 37%-ға, ал реанимациялық төсектер 3%-ға ғана жүктелген, бұл аурудың ауыр түрлерінің жоқтығын және денсаулық сақтау жүйесіне жоғары жүктеменің жоқтығын көрсетеді. 
Маңғыстау облысында 31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Жаңаөзен қаласы Қызылсай кентіндегі мектепке дейінгі ұйымның қызметкерлері мен балалар арасында 37 тағамдық токсикоинфекция жағдайы тіркелді. Қазір стационарда 13 адам, 24 адам амбулаториялық ем алып жатыр. Соңғы тәулікте жаңа жағдайлар анықталған жоқ, жағдай тұрақтандырылды. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр.


Бірқатар инфекциялық ауру бойынша оң динамика байқалады, бұл ретте тұрғындарды қызылшаға және көкжөтелге қарсы иммундау қарқынын күшейту қажет, себебі сырқаттанушылардың көпшілігі вакцина алмаған.

Соңғы жаңалықтар