Жылдамдық режимі жиі бұзылатын жол учаскелері белгілі болды

көлік
Фото: Түркістан облыстық Полиция департаментінен

Көлік министрлігі жылдамдық режимі жиі бұзылатын жол учаскелерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол саласының нормативтік базасын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру тұрғысынан автожолдарды жобалау, салу, жөндеу және реконструкциялауды регламенттейтін мыңнан астам құжат бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінде көлік жүргізушілері жылдамдық режимін жиі бұзған 8 учаске анықталды. Бұл «Астана-Щучинск», «Щучинск-Көкшетау», «Астана-Павлодар», «Қонаев-Талдықорған», «Шымкент-Ташкент», «Шымкент-Қызылорда», «Шымкент-Тараз» және «Тараз-Қайнар» жолдары», - деді Көлік министрінің уақытша міндетін атқарушы, Авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Жылдың соңына дейін интеграция бойынша жұмыстар тағы 10 учаскеде жүргізіледі.

Атап айтқанда, «Павлодар-Қалбатау», «Павлодар-Омбы», «Көкшетау-Петропавл», «Орал-Самара», «Орал-Саратов», «Бейнеу-Ақжігіт», «Ақтөбе-Орынбор», «Қостанай-Троицк» «Ақтау-Бейнеу» және «Қызылорда-Қарабұтақ», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар