Жылдар бойы шетелде қашып жүрген 3 қылмыскер елге қайтарылып, сотталды

АСТАНА. KAZINFORM — Бас прокуратура халықаралық іздеудегі 3 адамды тауып, сотталуына мұрындық болды. 

Подозреваемую в руководстве финпирамидой казахстанку экстрадировали из Армении
Фото: видеодан алынған кадр

Прокуратура органдарының бағыттарының бірі халықаралық-құқықтық ынтымақтастық саласы болып табылады.

2023 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін елордада қылмыстық құқықбұзушылық жасаған 8 қылмыскер экстрадицияланды.

Қазіргі таңда экстрадицияланғандардың үшеуі сотталды.

Telegram қосымшасын пайдалану арқылы «мефедрон» психотроптық затын ірі көлемде заңсыз сатқаны үшін іздеудегі қылмыскер 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол 2 жыл бойы іздеуде болған.

Екінші айыпталушы қаржылық пирамида құрып, оған азаматтардан заңсыз үлестік жарна алғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Келген шығын — 85 млн теңгеден астам.

Үшінші қылмыскер аса ірі мөлшерде бөтен мүлiктi талан-таражға салғаны үшін 7 жылға сотталды.

Елорда прокуратурасы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық саласында құқық қорғау және мемлекеттік органдарды тұрақты негізде үйлестіреді.