Жылдың есте қалған елеулі цифрлары

2023 жыл аяқталды. Жадымызда қандай сандар қалды? Бірінші кредит бюросы жылдың елеулі цифрларына шолу жасады. 

бала
Фото: Жезқазған қаласы әкімдігі

— Қазақстан халқының саны 20 миллион болды. 

— Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 2020 жылдан бері алғаш рет — қатарынан үш рет азайтты.

Қазіргі деңгей — 15,75%.

— Қарашада инфляция 10,3% дейін төмендеді.

— 2023 жылдың соңына қарай экономикалық өсім шамамен 5% болады деп болжап отыр Үкімет.

— Күзде теңге айтарлықтай әлсіреді, бірақ жыл соңына қарай ол жағымды деңгейге қайта оралды.

Ұлттық банк 1 қаңтарға белгілеген доллар бағамы — 454,56 теңге, еуро құны — 502,24 теңге.

— Биылғы 10 айда экспорт өткен жылмен салыстырғанда төмен болды, бірақ қазан айында жағдай жақсара бастады. Шетелге жеткізілген тауар көлемі 6,9 млрд долларды құрады, бұл қыркүйекпен салыстырғанда 9,5% жоғары.

— Жыл көлік өнеркәсібі үшін табысты болды, қаңтар-қарашада жеңіл автомобиль өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 37,6% жоғары болды.

— Астана мен Алматыда тұрғын үйлер қарқынды түрде пайдалануға берілді.

Елордада 11 айдағы жаңа пәтер саны 2023 жылмен салыстырғанда 77%-ға, оңтүстік мегаполисте 52%-ға өсті.