Жылыой ауданында медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

ҚҰЛСАРЫ. KAZINFORM - Атырау облысы Жылыой ауданында медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы облыстық жедел штабтан хабарлады.

Жылыой
Фото: Kazinform

«Жылыой ауданындағы жағдайға қарамастан, барлық медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істейді. Қосымша дәрігерлер мен жедел медициналық жәрдем бригадалары тартылды. Барлық эвакуацияланған халықты дәрігерлер тексереді», - делінген хабарламада.

Еске салайық, ауданда жедел желі іске қосылды. Көмекке мұқтаж тұрғындар +7 778 249 0253 нөміріне хабарласа алады.

Құлсары қаласында 500 үйді тасқын су басып, 2400 адам көшірілген болатын.

Қазіргі жағдайға байланысты Құлсары қаласына қосымша техникалар келіп жатыр.