Жылыой ауданында тұратын аналар 5 сәуірден бері 42 сәбиді дүниеге әкелді

Жылыой ауданында тұратын аналар 5 сәуірден бері 42 сәбиді дүниеге әкелді
Фото: Pixabay

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысының Құлсары қаласын 5 сәуірде тасқын су басқан еді. Содан бері Жылыой ауданының аналары 42 сәбиді дүниеге әкелген.

Жылыой аудандық орталық ауруханасының директоры Асулан Абдрахмановтың айтуынша, нәрестелердің арасында 20 ұл, 22 қыз бар.

«Су тасқынына байланысты сәбилердің кейбірі Атырау қаласында, Маңғыстау облысында дүниеге келді. Ал егіз нәрестенің анасы Құлсары қаласында босанды. Біздің аурухана 18 сәуірде науқастарды қабылдай бастады. Қазір ауруханада 8 жас ана сәбиімен жатыр. Нәрестелердің де, аналарының да жағдайы қалыпты», - деді Асулан Абдрахманов.

Оның дерегіне сүйенсек, қазір аурухананың есебінде 1073 жүкті әйел тұр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Серік Шәпкенов Құлсарыдағы су басқан аумақты тазарту мамырға дейін аяқталатынын айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар