Жылыой ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен 3271 отбасына 1,2 млрд теңге төленді

Су тасқыны: Ақтөбедегі қоғамдық қорға 600 млн теңгеге жуық қаржы жиналды
Фото: Kazinform

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысының Жылыой ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен 3271 отбасына 1,2 млрд теңге төленді.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің мәліметінше, Жылыой ауданында тұратын 3398 отбасынан бір реттік метариалдық көмек алуға өтініш берген. 

Қазір Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың өтінішін тәулік бойы өңдейді.

«Жылыой ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға бір жолғы әлеуметтік төлем беру туралы шешім қабылданды. Бұл төлем 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ұсынылып отыр. Осы кезге дейін аталған ауданда тұратын 3271 отбасына жалпы сомасы 1 млрд 267 млн 653 мың 200 теңгенің г теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленді. Жергілікті тұрғындардың өтінішін қабылдау жалғасып жатыр», - деді Серік Шәпкенов.

Еске сала кетелік, бұған дейін Жылыой ауданында 1866 отбасы бір реттік әлеуметтік көмек қаржысын алғанын хабарлаған болатынбыз. 

Кейін Атыраудағы Құлсары қаласынан 887 мыңнан астам текше метр су сорылғанын жазған едік. 

Сондай-ақ, Атырау облысында су тасқынынан зардап шеккендерден 226 өтініш түскен.

Соңғы жаңалықтар