Жылқы етінің бағасында өзгеріс бола ма – министр жауап берді
АСТАНА. KAZINFORM – Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жылқы етінің бағасына қатысты пікір білдірді.
«Жылқы еті қымбаттамайды. Өйткені, елімізде жылқы шаруашылығы жақсы дамып келе жатыр. 4 млн бастан артық жылқы бар. Сондықтан да жылқы еті қымбаттамайтындығы анық», - деді министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.
Айта кетейік, биыл қыста Ұлытау облысында 360 бас жылқы қырылған болатын.
Бірақ, бұл да түпкілікті дерек емес. Қазіргі уақытта өңірде өлген жылқыларды анықтау бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. Өлген жылқыларды иелері де табылар емес.