Жылу беру: 2025 жылы жаңартылатын энергия көздерінің 9 объектісі іске қосылады

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде биыл энергетика саласында бірқатар қуат көзі іске қосылады. Оның ішінде 9 объект – жаңартылатын энергия көздеріне жатады. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов айтты. 

Жылу беру: 2025 жылы жаңартылатын энергия көздерінің 9 объектісі іске қосылады
Фото: Pixabay.com

— Биыл біз 620 МВт энергия көлемін іске қосамыз: оның 166 МВт дәстүрлі энергетика, «Тұлпар» электростансасында 130 МВт, Текелі Жылу орталығында 36 МВт. Оған қосымша жаңартылатын энергия көздерінің 9 объектісін (455 МВт) биыл іске қосамыз. Барлық жоба бақылауда, — деді ол Үкімет отырысында.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында өткен жылыту маусымы қорытындыланып, алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелесі талқыланып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар