Жылу электр орталығында болған жарылыс туралы сурет –жалған - Энергетика министрлігі
Энергетика министрлігінің өкілдері желіде тарап жатқан жылу электр орталығындағы жарылыс туралы суреттің жалған екенін хабарлады.
Сурет Астанадағы жарықтың сөндірілуіне еш қатысы жоқ, деп хабарлайды Kazinform министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің хабарлауынша, қазіргі таңда сурет әлеуметтік желілер арқылы халық арасында тарап жатыр.
«Бұл суреттің Астанадағы аптқа ешқандай қатысы жоқ»,-делінген хабарламада.