"Жинақ банкі" ұзақмерзімді ресурстарға баса назар аударады - О.Смирнов

АЛМАТЫ. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бізге ұзақ мерзімдік ресурстар керек. "Жинақбанкі" АҚ ЕБ Басқарма төрағасы Олег Смирнов бүгін Алматыда жыл қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында осылай айтты.

"Жинақ банкі" ұзақмерзімді ресурстарға баса назар аударады - О.Смирнов

"Біз өзіміздің облигацияларымыз бен қарыз құралдарымызды орналастырғанда ең алдымен ұзақмерзімді ресурстарды жайғастыруды басты назарда ұстаймыз. Бүгінгі таңда құрылымда ұзақ мерзімдік қоржынның 60 пайызға жуығын 1 жылдан астам уақытқа берілген несиелер құрайды. Біз облигацияларды 7-10 жылға орналастыруды жоспарлап отырмыз. Қаржы нарығында қолайды тренд болса оны ақпан-наурыз айларында жасаймыз", - деді О.Смирнов. Оның айтуынша, қаржы институты ІРО бағдарламасына оң көзқараста. Ол қор нарығының дамуына жаңа серпін бермек. Қазақстан мен Ресейдің қор нарығында айтарлықтай айырмашылық бар. Қазақстанда Ресейге қарағанда эмитенттер көп емес және олардың жартысынан көбі қаржы институтары болып отыр. Қор нарығы мұнда ең алдымен акционерлік қоғамдардың даму стратегиясына тәуелді. Компанияларда инвестициялық тартымдылық бар. Мұнда қаржы ресустарын тарту акционерлердің өзіне байланысты болып отыр.