ЖІӨ былтырғы нақты көлем индексі 107,5 пайызды құрады - Статистика

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - 2011 жылдың қаңтар-желтоқсанында еліміздегі жалпы ішкі өнімнің  нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,5 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

ЖІӨ былтырғы нақты көлем индексі 107,5 пайызды құрады - Статистика

Атап айтқанда, агенттік мәліметтері бойынша, ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 43,1 пайызды, ал қызметтер - 51,9 пайызды құрайды. Нақтылай айтқанда, ЖІӨ құрылымында өнеркәсіп үлесі 31,3 пайызды (өткен жылға 103,3 пайыз), құрылыс 6 пайызды (өткен жылға 102,7 пайыз) құраған. Ал есепті кезеңде ЖІӨ құрылымындағы өнімдер мен импортқа салынған салықтар 7 пайызды құрады.