ЖІӨ көлемі жан басына шаққанда $12 мыңға дейін барады - Тимур Сүлейменов

«2019 жылы мұнай бағасының бір баррелі 66,7 АҚШ долларын құрайды деген болжам бар. Осыны ескере отырып, базалық сценарийде мұнайдың бағасы 60 АҚШ доллары деңгейінде алынды. 2019 жылы жалпы ішкі өнім 3,9 процент деңгейінде, ал 2023 жылы 4,6 процентке дейін өседі. Аталған кезеңде жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсу қарқыны 4,2 процент болады деген болжам бар», - дейді Т.Сүлейменов.
Оның айтуынша, келесі жылы номиналды жалпы ішкі өнім 64,1 трлн болса, 2023 жылға дейін аталған көрсеткіш 86,9 трлн теңгеге дейін өседі. Осылайша, жан басына шаққанда жалпы ішкі өнім 9,9 мың АҚШ долларынан 12,9 мың долларға дейін ұлғаяды.
«Орта мерзімді перспективада өнім өңдеу, агроөнеркәсіп, құрылыс, көлік-логистика және қызмет саласы экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күші болады. Мұнай өндіру көлемі 99 млн тоннаға дейін өседі. Экспорт көлемі 56,5 млрд АҚШ долларынан 68,5 млрд долларға дейін артады. Ал импорт 41,9 млрд АҚШ долларына дейін ұлғаяды. Ұлттық банк инфляцияның жылдық көрсеткішін 2019 жылы 4-6 процент деңгейінде сақтайды. 2020-2023 жылы ол 3-4 процентке дейін төмендейді», - деп атап көрсетті Т.Сүлейменов.