Жизель Пеликоның ісі: Франция прокуратурасы ең жоғары жаза тағайындауды сұрады

АСТАНА.KAZINFORM — Жылдар бойы зорлық-зомбылық көрген француз әйелі Жизель Пеликоның соты әлем назарын өзіне аударды. Оның бұрынғы күйеуі Доминик Пелико қылмысын мойындады, деп жазады Euronews.

Жизель Пелико
Фото: ABACAPRESS

Француз прокурорлары Жизель Пеликоның бұрынғы күйеуі Доминикті 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады. Ол 2011 мен 2020 жылдар аралығында әйеліне есірткі беру арқылы оны ес-түсінен айырып, бөгде адамдарға зорлауға рұқсат бергенін мойындады.

Аталған істе өз есімінің құпиялылығын сақтаудан бас тартқан Жизель Пелико сексуалдық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізетін белсенділердің тұмарына айналды.

Франция премьер-министрі Мишель Барнье үкімет тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қолдауға қосымша қаражат бөлетінін айтып, қазірдің өзінде 33 мың төлем жасалғанын айтты.

Сонымен қатар, ол 2025 жылдың соңына қарай тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы арыз беру тәртібі жеңілдейтінін айтты.

5 қыркүйекте Жизель Пелико төрт жыл бойы басынан қандай қиын жағдай кешкенін алғаш рет көпшілік алдында айтты. Францияның ірі қалаларында оны қолдауға арналған митингілер өтті.