ЖКО-ның көпшілігі бұлтты күні жасалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық деректеріне қарағанда, жауын-шашын кезінде жол-көлік оқиғаларының саны артып отыр.
Биылғы жылдың 6 айында еліміздің жолдарында адамдардың өліміне немесе жарақаттануына әкеп соққан 7 901 жол-көлік оқиғасы тіркелген.
ЖКО-ның бестен бір бөлігі немесе 1419-ы қолайсыз ауа-райы жағдайында орын алған (жаңбыр, қар, тұман), салдарынан 154 адам қаза болып, 1 866-сы жарақаттанды.
Салдары ауыр ЖКО-лар елдегі ауа-райының жағдайы өте нашар кездерінде және жолдар дұрыс көрінбейтін ең қолайсыз жағдайлар байқалатын желтоқсан мен сәуір аралығында тіркелген. Осы ретте ауа-райы жағдайының нашарлауы жаяу жүргіншілерді қағып кету санын арттырады.
Белгілі болғандай, жолдың нашар көрінуі, ауа-райы (көктайғақ, жолдың тайғақтығы) жағдайының салдарынан, қаңтарда 300 ЖКО, ақпанда - 155, наурызда - 254, сәуірде - 324, мамырда - 279 факті тіркелген.
Салыстыратын болсақ, жаз айларында апаттылық төмендейді, маусымда ауа-райына байланысты 97 ЖКО болды.
«Көпшілігі немесе 732 ЖКО бұлтты ауа-райында жасалған, онда 79 адам қаза болып, 921-і жарақаттанған, сондай-ақ 477 ЖКО жаңбырда (39 және 612), 172 - қарда (22 және 271) және 39 ЖКО - тұманда (15 және 63) орын алды. Осындай ЖКО елеулі үлесі (1126) елді-мекендерде тіркеледі, 183 халықаралық, республикалық маңызы бар жолдарда және тағы 110 - облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда жасалған», - деп атап өтілген комитет мәліметінде.
Барлық ЖКО-ның үштен бір бөлігі ірі мегаполис Алматы қаласына тиесілі, дәл осы шаһарда жол апаттарының көпшілігі қолайсыз ауа райы салдарынан орын алған. Ағымдағы жылы жарақаттану мен адамдардың мерт болуына әкеп соққан 482 ЖКО тікелді.
Апаттылықтың ең жоғарғы шегі тәуліктің 17 мен 20 сағаты аралығына келеді, ал түнгі 01.00-ден таңғы 06.00-ге дейінгі аралықта төмендейді.
Айта кетейік, «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет адамдардың өліміне немесе жарақаттануына алып келген жол-көлік оқиғаларын ғана есепке алады.