ЖҚТБ-мен күрестің биылғы ұраны - жалпыға бірдей қолжетімділік және адам құқығы мәселесін қамтып отыр

АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ЖҚТБ-мен күрестің биылғы ұраны - жалпыға бірдей қолжетімділік және адам құқығы мәселесін қамтып отыр.
None
None

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде «Қазақстандағы АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша жағдай және оның алдын алу» атты тақырыпта өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Тамара Вощенкова осылай мәлім етті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дүниежүзі осымен 20 жыл бойы желтоқсанның 1-і күнін ЖҚТБ-ға қарсы күрес ретінде атап өтіп келеді. Дәл бір күнді белгілеп, сол бойынша арнайы науқанды жүргізудегі мақсат - АҚТҚ/ЖҚТБ мәселелеріне қоғамның назарын аудару және бұл инфекцияның таралуына байланысты проблеманың алдын алу, сондай-ақ қажетті әлеуметтік шараларды жүзеге асыру болып табылады. Биылғы 2009 жылғы ЖҚТБ-ға қарсы науқанның ұраны: «Жалпыға бірдей қолжетімділік және адам құқы» деп аталып отыр. Нәубетпен күресте бұндай ұранның тасталуы да кездейсоқ емес. Өкінішке қарай,соңғы жылдары АҚТҚ дерті бүкіл әлем бойынша кеңірек таралып, оның сипаты де ерекшелене бастады. Қазақстандағы жағдай да солай. Соған байланысты, бұл инфекцияны жұқтырған адамдардың құқын қорғау өзекті мәселеге айналуда. Сонымен бірге, бұл науқан аясында адамдардың құқын қорғаумен бірге, АҚТҚ жұқтырғандарды емдеуге, күтуге, қолдауға қолжетімділікті қамтамасыз ету, ондай дертке шалдыққандарды және осы топтарды кемсітетін заңдарды жою шаралары қамтылатын болады», деді вице- министр. Оның айтуынша, Қазақстан 2001 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 26-шы Арнайы сессиясына қатысқан 189 елдің бірі болып, АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қарсы күрес ісіне қолдау көрсету туралы декларацияны мақұлдаған болатын.

Қазақстан жыл сайын ЖҚТБ-ға қарсы күрестің  бүкілдүниежүзілік науқанына қатысушы болып табылады. Бұл ретте республиканың бүкіл аумағында арнайы шаралар қабылданып, БАҚ-та үндеулер жарияланады. Бүгінгі таңда БҰҰ-ның ЖҚТБ жөніндегі біріккен бағдарламасының деректеріне сәйкес, әлемде АҚТҚ жұқтырып өмір сүріп жатқан адамдар саны 33 млн. адамды құрайды екен. Бұған дейінгі жағдай секілді, әлем бойынша әлі де Африка Сахарасының оңтүстігі АҚТҚ-нің кең тараған аймағы болып отыр.  Бұнда АҚТҚ жұқтырған адамдардың 67 пайызы тұрады әрі ЖҚТБ-дан қайтыс болғандардың 72 пайызы осы өңірдің адамдары екен.

Соңғы жаңалықтар