ЖҚЗ жоғары кеңістіктік рұқсаттағы жерсерігі 2014 жылдың соңында іске қосылады - Т.Мұсабаев

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Жерді қашықтықтан зондтаудың (ЖҚЗ) жоғары кеңістіктік рұқсаттағы жерсерігі 2014 жылдың желтоқсанында іске қосылады,
None
None

деп хабарлады Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев Рrimeminister.kz сайтына берген сұхбатында.

«Орта кеңістіктік рұқсаттағы жерсерікті ағымдағы жылдың соңында іске қосуды жоспарладық. Бұл - жерді қашықтықтан зондтау жерсерігі. 2014 жылдың соңында жоғары кеңістіктік рұқсаттағы жерсерігін іске қосуымыз керек», - деді Т.Мұсабаев.

Сонымен қатар, ол бұл жерсеріктерді Франциядағы және Ұлыбританиядағы серіктестер жасайтынын атап өтті.

Осылайша, Франциядан келген стратегиялық серіктестермен бірге EADS «Astrium» компаниясымен жоғары кеңістіктік рұқсаттағы жерсерігі Тулуза қаласындағы зауытта, ал орташа кеңістіктік рұқсаттағы - Англияда Сюррей графтығындағы Гилфорд қаласында SSTL компаниясымен жасалады.

Сонымен қатар, қашықтықтан зондтау жүйесіне арнап жерде инфрақұрылым жасалуда.

«Қазір біз Астанада «Астана-Жаңа қала» АЭЗ аумағында қашықтықтық зондтау жүйесін құрып жатырмыз. Біз «Ұлттық ғарыш орталығы» атты тұтас бір қалашық салудамыз, онда жерсеріктің өзін басқарудың жердегі кешені және жерсеріктерінен алынған мәліметтерді қабылдап, өңдеу бойынша орталығы бар ЖҚЗ арналған барлық инфрақұрылым орналасады», - деп жалғады өз сөзін Қазғарыш басшысы.

«Суреттердің өзі онша бағалы емес, олардан алынған мәліметтер төтенше жағдайлар және оларды жою, экология, нақты егіс алқаптарын анықтау бойынша ауыл шаруашылығындағы жағдай, астық перспективалары мен топырақтың жағдайы, жер ресурстары мен құрылыс салу деңгейлері туралы ақпарат береді, сонымен қатар ықтималдықтың жоғары деңгейімен пайдалы қазбаларды, оның ішінде көміртектік қазбаларды табуға мүмкіндік береді. Әрине, ЖҚЗ жүйесі елдің қорғанысы мен қауіпсіздігі үшін жұмыс жасайды», - деп атап өтті агенттіктің төрағасы.

Осылайша, жерді қашықтықтан зондтау жүйесі «ауыл шаруашылығы, геология, геодезия, экология сияқты басқа да салалардың дамуына мүмкіндік беретін мультипликативтік және синергетикалық нәтиже береді».

Айта кету керек, аталған жүйелер дүние жүзінде шамамен 30 елде бар. Құрылып жатқан ЖҚЗ жүйесін кадрлық қамтамасыз етуге қатысты Т.Мұсабаев қазіргі кадрлық резерв жеткілікті болатынын хабарлады. Атап айтқанда, Франция мен Англияда ЖҚЗ жүйесін жобалау, құрастыру, сынау және пайдалану бойынша жұмыс орындарында екі жылдық машықтануды 25 қазақстандық маман аяқтады, оған қоса 20 адам стратегиялық серіктес кәсіпорындарында оқуды жалғастырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар