«ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға биыл 63 млрд. теңге бөлінеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға биыл 63 млрд. теңге көлемінде қосымша қаражат бөлінеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министрлік басшысы Тамара Дүйсенова мәлімдеді.
None
None

Ведомство мәліметінше, кәсіпорындарда жоғары білікті мамандардың жұмыс орындарын сақтау мақсатында жұмыс уақытының қысқаруына байланысты еңбекақының 2/3 бөлігін уақытша субсидиялау тетіктері енгізіледі. Сонымен бірге, кәсіпорын жұмыс орнын сақтаған жағдайда, қызметкерлерді, оның ішінде жұмыс істейтін жастарды жұмыс берушілер тарапынан қоса қаржыландырумен немесе толық мемлекет есебінен оқытуды ұйымдастыру қарастырылады.

Қосымша жұмыс орындарын құру үшін «ЖҚЖК 2020» аясында қолданылатын келесі құралдарды: инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналастыру, барлық мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобалардың мүмкіндіктерін қолдану және кәсіпкерлікті дамыту үшін шағын несие беру күшейтілетін болады.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында жаңа бастамаларды жүзеге асыру мақсатында 60 мыңға жуық адамды мемлекеттік қолдау шараларымен қамту арқылы қосымша 63 млрд. теңге бөлу қарастырылып отыр», - деп хабарлады Тамара Дүйсенова.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы бағдарламаны жүзеге асыру аясында 156 мыңға жуық азамат жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыспен қамтылған адамдар саны - 142,3 мың.

Соңғы жаңалықтар