«ЖМҚ- менеджмент» басқарушы компаниясының директоры тағайындалды - «Самұрық-Қазына» ЖМ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі

АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы наурыздың 3-індегі шешіміне сәйкес Айсұлтан Акчурин «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік орталығы» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары қызметінен босатылып, «Жылжымайтын мүлік қоры- менеджмент» ЖШС басқарушы компаниясының директоры болып тағайындалды,
None
None

деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Бұл серіктестік негізінен тұрғын және коммерциялық үй-жайларды жалға беру, сондай-ақ Жылжымайтын мүлік қорының нысандарын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету жұмыстарымен айналысады.

Сонымен қатар, 2010 жылғы наурыздың 29-ынан бастап басқа жұмысқа ауысуына байланысты басқарушы директор-басқарма мүшесі Ернар Нұрғалиев қызметінен босатылды.

Қазіргі таңда «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқармасының құрамына мына адамдар кіреді: Әмрин Госман Кәрімұлы - Басқарма төрағасы, Кощанова Жанаркүл Тоғызбайқызы - Басқарма төрағасының орынбасары, Иманқұлов Мұрат Сейдәліұлы - Басқарушы директор.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің 2009-2010 жылдарға экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру бойынша бірлескен іс-әрекеттер жоспарын жүзеге асыру шеңберінде үстіміздегі жылдың наурыз айында құрылған.

Соңғы жаңалықтар