Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидалары бекітілді

АСТАНА. 9 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметі Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекітті.

Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидалары бекітілді

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2012 жылғы 25 мамыр №675 Астана, Үкімет Үйі

Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы   

«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                                                           Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

                                                                                            К.МӘСІМОВ.

 Қағидалар мәтіні республикалық БАҚ-тарда жарияланды.