Жобаларды түрлі сылтаумен қымбаттату эпидемияға айналып отыр
«Бюджет қаражатын тиімсыз жұмсау мердігерлер мен жеткізушілер арқылы мейлінше жиі жүзеге асырылады. Өйткені, бюджеттік деңгейде бәрі барынша ашық бола түсті. Егер осыдан 4 жыл бұрын жобалық-сметалық құжаттаманы асыра бағалау 30 пайызға дейін жетіп, бұл сома жылына шамамен 1 трлн теңгеге жететін. Ал қазір құрылыс материалдарына бағаның өсуін пайдаланып, жоғары инфляция туралы әңгімелермен жобаларды қымбаттату эпидемияға айналып отыр», - деді палата төрағасы.
Оның атап өтуінше, бүгінде асыра бағалау бюджеттің бір трлн теңгесінен де асып түсетін болған.
«Ал бұл қаражат әлі күнге дейін шеше алмай келе жатқан апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешер еді. Немесе бүгінде басым бөлігі әрең тұрған жылу элпектр орталықтарын жаңғыртуға болар еді», - деді Наталья Годунова.