Жобалық және құрылыс ұйымдарының қызметкерлерін аттестаттау бәсекелестік ортаға берілді - ҚР Ұлттық экономика министрлігі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жобалық және құрылыс ұйымдарының қызметкерлерін аттестаттау бәсекелестік ортаға берілді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 75 бұйрығымен жобалау және құрылыс процессіне қатысушы инженерлік-техникалық аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттелуі бекітілген.

Жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша ережелер мен рұқсат талаптары ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 734 бұйрығымен реттеледі.

Аттестаттау аттестациялық орталықтарымен жүргізіледі - аккредитация процесін белгіленген тәртіппен өткен заңды тұлғалар.

Өз кезегінде орталықтарды аккредиттауды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті жүргізеді.

Аталмыш комитеттің Лицензиялау мен аттестациялауды мониторингілеу және бақылау басқармасы басшысының м.а.Олжас Құсайыновтың айтуынша, жобалық және құрылыс ұйымдарының қызметкерлерін аттестаттаудың мақсаты - жобалау және құрылыс процесіне қатысатын қызметшілердің білім деңгейін арттыру.

«Қазақстан Республикасының қолданыстағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде аталмыш шара елдің ішінде және халықаралық деңгейдегі құрылыс нарығындағы қазақстандық компаниялардың бәсекелестігін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Олжас Құсайынов.

Құрылыстық-монтаждық ұйымдарда аттестаттауға бас инженер, ӨТБ бастығы, учаске бастығы, прораб және шеберлер жатады.

Жобалық ұйымдарда: жобаның бас инженері, жобаның бас сәулетшісі, бас құрылымдаушы, жобаның сәйкес бөлімі бойынша жетекші инженер жобалаушы.

Соңғы жаңалықтар