Жоғалған қызды табу үшін Надаль матчты тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мальоркадағыі көрмелік теннис матчы кезінде көңіл жібітерлік оқиға болды.

Жоғалған қызды табу үшін Надаль матчты тоқтатты

надаль null
Әлемнің төртінші ракеткасы Рафаэль Надаль Матс Виландермен жұп болып, Джон Макинрой мен Карлос Мойяға қарсы ойнап жатқанда, трибунадағы көрермендердің алаңдаушылығын байқап, ойынды тоқтатты, деп жазады Daily Mail.

Жанкүйерлердің бірі ойынды беріліп, кішкентай қызының көрермендер арасында жоғалып кеткенін байқамай қалады. Алаңдаған әйел қызын қанша атап шақырса да таппаған.

надаль  

 Матчта қысқаша үзіліс болғанда өзге де жанкүйерлер іздеуге кірісіп, бүлдіршінді тапты. Үлкен қошеметпен қызды анасына тапсырып, ойын қайта жалғасты.

Матч Надаль мен Виландердің пайдасына 3:6, 6:3, 10:8 есебімен аяқталды.

надаль