Жоғалған үш мониторлы ноутбук қытай аукционынан табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Razer компаниясы жақында CES 2017 көрмесіне Razer Project Valerie ноутбугін алып келді. Алайда оның екі данасы қолды болған. Компания басшысы қылмыскерлерге қатысты ақпаратқа 25 мың джоллар сыйақы жариялады. Алайда ұрылар ноутбукты интернет-аукционға шығарған, деп хабарлайды onliner.by.
Қытайдың Taobao сайтында үш мониторлы ноутбуктың лоты пайда болған. Ұрылар оның 150 000 юаньға, шамамен 21 700 долларға бағалаған. Оның қолды болғанына бар-жоғы төрт күн өткен. Осы аралықта қылмыскерлер 5 келілік ноутбукты Лас-Вегастан Қытайға жеткізіп үлгерген.
Компания мен Қытайдың тәртіп сақшылар өкілдері осы оқиға бойынша қандай әрекет жасайтыны әзірге белгісіз.